Әлібек 5 жылдан астам уақыт Мәскеуде тұрған. Әйгілі «Турецкий хоры» тобында оқып, жұмыс істеген. Отанына оралғаннан кейін «Қазақконцерт»сахнасында өнер көрсете бастаған. 


«Жеке басым «Қазақконцертке» үлкен үміт артамын. Биыл оған қазақ халқының ұлы әншісі Роза Бағланованың есімі берілді. Мен үшін бұл әсерлі сәт. Мен 12 жасымда Роза Тәжібайқызымен бір сахнаға шықтым. Ал енді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының солисімін. Менің ойымша, бұл маңдайыма жазылған. Ұйым басшылығына өз Отанымда өзімді танытуға мүмкіндік бергені үшін ризамын, мен туған жерімді қатты сағындым және қайтып оралғаныма қуаныштымын. Мен жас орындаушыларға көрсетілген қолдауға жарқын мысал бола аламын», - деді ол журналистің сұрағына берген жауабында. 


Айта кетейік, «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасы аясында Әлібек Әлмадиев Шығыс Қазақстан облысы мен Ұлытауда концерттерге қатысты.