«Қаржыландыру медициналық көмектің барлық бағыттары бойынша артты, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулерге 2 есе; консультативтік-диагностикалық және медициналық оңалту қызметтерге 10 есе; стационарлық көмек 54%-ға; жоғары технологиялық медициналық қызметтер 3 есе. МӘМС жүйесін енгізгелі бері амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер - КТ, МРТ, ПЭТ медициналық көрсетілімдеріне қарай еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болды. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтік осал 8 санаттағы халыққа ғана қолжетімді еді, амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны айтарлықтай артты», - деді спикер.