Оның айтуынша, МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде ғана қолжетімді болған медициналық қызметтерді де ала алады. 2022 жылдың 7 айында Қор тар шеңберлі мамандардың 95 млн консультациясын және диагностикалық зерттеулерді, оның ішінде қымбат тұратын КТ, МРТ, ПЭТ зерттеулерін қаржыландырды. 3 жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін қол жетімді болды және жеткізушілер аз болды. Жеке меншік клиникалар қазіргі заманғы жабдықтар мен сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде. 


«Биыл жоғары технологиялық көмек көлемі 1,5 есеге өсті. 7 ай ішінде 12 мыңнан астам қымбат операция жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 34%-ды құрады. Оның ішінде, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың ЭКО процедурасын, 7 айда Қор 4 мыңға жуық репродуктивті қызметті қаржыландырды. Өсім 40% құрады. ЭКО-ның әрбір бағдарламасына денсаулығына және процедураның қымбаттығына байланысты ана мен әке атана алмай жүрген отбасылар қатысады. Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық көмекті қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасайды, ал енді медициналық көмекті ұйымдастыру, клиникалардағы менеджмент деңгейі, пациенттерді дұрыс бағыттау бірінші орынға шығады», – деп атап өтті ӘМСҚ басшысы.