Мемлекет басшысы Қазақстанның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулестігінің белгісі ретінде табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін нақтылады.
Мемлекет басшысы екі ел берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне зор ризашылығын білдірді. Пәкістан Премьер-министрі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруі салдарынан болып отырғанын айтты.
Ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.