"Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру" конференциясында ауыл және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, ауыл әйелдерінің өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықты және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту және ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қызметті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мәселелері қаралды.

Қарағанды облысынан өңірлік форумға 170-ке жуық ауыл әйелдері, мемлекеттік органдардың, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, кәсіпкерлер палатасының, Іскер әйелдер қауымдастығының және т. б. өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов өз сөзінде өңірде ауыл әйелдеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ауылда облыс әйелдерінің 18,6% тұрады. Өңірдің екі мыңнан астам шаруа және фермерлік қожалықтарын ауылдастарын жұмыспен қамтып отырған әйелдер басқарады. Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің 47%-дан астамы да әйелдер. 

Осы жылдың 7 айында "Бастау Бизнес" оқумен мыңнан астам әйел қамтылды. 89 жоба қаржыландырылды.

Бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда, онда креативті индустрия, туризм, әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары басымдыққа ие болады.

Өңірде жыл сайын жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға облыс әкімінің гранты бөлінеді. 2021 жылы әйелдер 52 грант алды (барлығы 100 грант берілді).

Жыл сайын бизнесті қолдаудың барлық мемлекеттік бағдарламалары аясында әйелдердің шамамен 35% қаржылық қолдау алады.

Форумда Ақмола облысының мысалында "Қазақстандағы әйелдер ауылдық кәсіпкерлігінің әлеуетін анықтау" әлеуметтік зерттеуінің және ауылда әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың әлеуметтік жобалары – практикалық, бизнес-дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе алмасу – "Coca-Cola Белестері" және "Жеке қосалқы шаруашылықтар" онлайн-мектебінің мысалында ұсынылды.

"Shah company 777" ЖШС тамақтану жөніндегі компанияның тең құрылтайшысы және директоры Юлия Шах Қарағанды облысынан "Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері" атты ауыл әйелдерінің табыс тарихы дәстүрлі шеруінде сөз сөйледі. Ол барлық ауыл әйелдеріне өз жобаларын ұсынудан, әлеуеттерін көруден, үнемі өзін-өзі жетілдіруден, бизнес жүргізу бойынша білім алу үшін оқудан қорықпауға тілек білдірді.

Ауыл әйелдерінің жетістіктері Ю. Шах (Осакаров ауданы), Х. Абитаева (Шет ауданы), Г. Агзамова (Абай ауданы), А. Калаева (Нұра ауданы), М. Бердалиева (Бұқар Жырау ауданы), С. Төреқұлова (Қарқаралы ауданы) "100 асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері /100 историй успеха сельских женщин Казахстана" атты төртінші кітапқа енеді.

Форумды ұйымдастырушылар – Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарының әкімдіктері, "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ, "Әлеуметтік динамика" ҚҚ.