Іс-шараға «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшелері, Джакартаның жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, «Dompet Dhuafa» қайырылымдық қорының өкілдері, танымал индонезиялық блоггерлердің бірі Лиа Малик, сондай-ақ Индонезия жазушылар бірлестігінің мүшесі, бірқатар романдар мен әңгімелердің жазушысы Асма Надия қатысты.
Іс-шара барысында Елшіліктің дипломаттары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және саяси қызметі туралы презентация жасады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді.
Сонымен қатар, «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшесі Тита Коссатита А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін қазақ тілінде оқып беріп, оның мазмұнын индонезиялық тілде айтып берді.