Қылмыстық заңнамамен өткен 30 жылдық жол құқықтың қандай да бір саласының дамуы құқықтық нормаларда қандай да бір тарихи кезеңнің ерекшелігін көрсете отырып, мемлекеттегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты екенін көрсетеді.  


«Бұл мәселені шешу кешенді тәсілді талап етеді, өйткені қылмыстық заңнаманы ревизиялау және түзету жүйелі әрі сарабдал тәсілсіз мүмкін емес. Осыған байланысты Әділет министрлігі қылмыстық саясатты мынадай қағидаттарда құратын болады. Біріншіден, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңдарының орынды тұрақтылығы қағидатында. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына олардың тұрақтылығын бұзатын өзгерістер мен толықтырулар жиі енгізіледі, бұл құқық қолдану қызметінде қателердің туындауына, сондай-ақ енгізілген өзгерістер туралы білмеген адамдардың көрсетілген заңдардың нормаларын бұзуына ықпал етеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік елдегі резонанстық оқиғаларға байланысты (мысалы, ормандарды заңсыз кесу, жануарларға қатыгездікпен қарау), талдау жұмыстарын жүргізбестен, белгілі бір норма «жұмыс істемейтін» себептерді жоймай өзгерістерге ұшырайды. Осыған байланысты, Әділет министрлігі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізудің ерекше тәртібін белгілеу мәселесін пысықтайтын болады», - деді әділет министрі. 


Екіншіден, өзгерістердің серпіні, қарқындылығы құқық қолдану практикасына бейімделмейтін оңтайлы даму жолы қағидатында. Органдардың жеткіліксіз ұйымдастырылған, шашыраңқы және әрдайым негізделмеген әрекеттерінен біркелкі және жан-жақты көзқарасқа көшу қажет. 


«Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын құқық қорғау блогы қалыптастыратынын ескере отырып, сотқа дейінгі және сот сатыларында да жарыспалылық қамтамасыз етілмейді: процесс неғұрлым күшті тараптың сұрау салуына құрылған. Осыған байланысты Әділет министрлігімен қылмыстық істердің статистикалық деректерін қоса алғанда, сот және құқық қолдану практикасына, құқық қорғау органдарына үндеулерге осы жұмысқа құқық қорғау органдары мен ұйымдарының қызметкерлерін тарта отырып талдау жүргізу; жаңа қылмыстық-процестік кодексте енгізілген институттардың тиімділігін айқындау (мысалы, тергеу судьясының рөлі, процестік келісім және т. б.); тараптардың жарыспалылық институтын нығайту және қорғау тарапының процестік кепілдіктерін күшейту жоспарланған. Бұл жұмыстардың барлығы жұртшылық өкілдерімен, ғалымдармен, сарапшылармен сындарлы диалогта жүзеге асырылатын болады», - деді спикер. 


Тұтастай алғанда, Әділет министрлігі екі заң жобасы бойынша жұмысты ашық НҚА порталында орналастыра отырып, ашық жүргізетін болады. Жұмысты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отыр.