Отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын іске асыру барысы туралы баяндады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тәуекелдерді бағалау критерийлері мен матрицасын әзірлеуді ескере отырып, мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлады. Сондай-ақ көлік саласындағы түйткілді проблемалар талқыланды.
Талқылауды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға Жоспарға сәйкес реттеу актілерін талдауды аяқтауды, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және салалық тәуекелдер матрицасын әзірлеу бойынша жұмысты жеделдетуді және көлік саласындағы бизнес өкілдері көтерген проблемалық мәселелерді қарауды, оларды шешу жолдарын табуды тапсырды.