Алғашында мерекелік шаралар 3-5 қыркүйек аралығында Жангелді ауданында өтуі тиіс болатын. Мемлекет басшысының сапары да күтілген болатын. Бірақ Әулиекөл ауданындағы орман өртіне байланысты өңірде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мерекелеу күндерін кейінге шегеруге шешім қабылданды.

1 қазан күні Ахмет Байтұрсынов ауылында Ағартушы кесенесінде еске алу шарасы өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының мұражай-үйінің тұсаукесері өтеді.

Торғай ауылында бұл күні стадионда таңертең «Қазақ күресі» өтеді. Дәл осы жерде түстен кейін халық әндері мен А.Байтұрсынұлы шығармаларын орындаушылардың байқауы, ипподромда ат жарысы өтеді.

Кешке қарай А.Байтұрсынов пен М.Дулатов ескерткішінің ашылу салтанаты және олардың атындағы әдеби мұражайдың тұсаукесері өтеді.

Мерекелік іс-шаралар «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен және мерекелік концертпен аяқталады.