Хореографиялық ұжым IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетеді. Жарыстар 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Ыстамбұлдан 125 шақырым жерде орналасқан Түркияның Бурса провинциясындағы аттас көлдің жағасындағы Изник қаласында өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы айтулы шоуға Түркияның үздік режиссерлері мен сценаристері тартылды. «Жарқын» бір ай бойы халықаралық жобаға дайындалды. Бишілер ұлттық нақышта бірнеше композиция ұсынады.

«Ашылу салтанатына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, Түркия, Венгрия, Балқан елдерінен 1500-ге жуық өнерпаз қатысады. Шараның басты ұйымдастырушысы – ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы. Осындай ауқымды шараның қатысушысы болу біз үшін үлкен мәртебе», – делінген Жарқын ансамблінің Instagram желісіндегі парақшасында.