Оның мәліметінше, машина жасау саласында 3,5 мың кәсіпорын қызмет етеді, шамамен 115 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономикадағы жалпы үлесі 14%-ды құрайды.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт 48%-ға артып, 1,9 млрд долларды құрады. Біздің өніміміздің негізгі бағыттары РФ, Өзбекстан, Қырғызстан нарықтарында сұранысқа ие. Негізгі экспорттық тауарлар - жүретін арбалар, акумуляторлар, мойынтіректер және автомобильдер. Импорт 17 млрд долларды құрады. Онда жоғары қайта бөлу өнімдері басым, сандық блокта электрогенераторлық қондырғылар, кондиционерлер, телефон аппараттары тізімде бар. Сала әлі де импортқа тәуелді болып қалуда. Сондықтан мемлекет машина жасауды одан әрі дамытуда», - деді комитет төрағасы.