Тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.
Кездесуге қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды институционалдық қолдауды және үйлестірілген іске асыруды қамтамасыз етуге арналған С5+1 Виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.
М.Тілеуберді өз сөзінде өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ішкі өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан өңірлік қауіпсіздік, климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарына қарсы іс-қимыл жасау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және адами капиталды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуге барынша күш салады», - деп атап өтті СІМ басшысы.
Іс-шара соңында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы келесі министрлік кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.