Оның айтуынша, биыл қазақстандық мектептерге 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды. Ал мектеп бітірушілер саны 177 мыңды құрады. Жалпы жоғары сынып оқушыларының сыны 426 мың бала. 


«Осыған байланысты гранттар санын жыл сайын ұлғайту көзделген. Биыл 88 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға артық. 2025 жылға дейін мемлекеттік гранттар саны жыл сайын 10%-ға артады. Бүгінде студенттердің жалпы саны 609 мыңнан асты. Оның 60% пайызы ақылы білім алуда», - деді министр.