Жыл сайын қала мен Алматы облысының аумағында екі жүзге жуық жер сілкінісі болады.
Өткен жылы ТЖМ қарамағына Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция өтті, олар қала мен Алматы облысының аумағында зерттеулер жүргізеді.
Министр қала аумағында 17 бақылау станциясы орналасқан, 2023 жылдың соңына дейін 28 станция орнату жоспарланғанын атап өтті.
Ағымдағы жылы күшті жер сілкіністері туралы ерте хабарлау жүйесін енгізу бойынша жұмыс басталды.
Бүгін Алматы қаласының маңында «Darmen» мобильді қосымшасымен ұштасқан жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйесінің 9 сейсмикалық станциясы орнатылды
«Darmen» ТЖ қаупі туралы халықты дереу хабардар етуге мүмкіндік беретінімен ерекше. Мысалы, магнитудасы 4 балл және одан жоғары жер сілкінісі кезінде сейсмодатчиктер іске қосылғанда азаматтардың смартфондарына хабарламалар автоматты түрде жіберіледі.
«2000 жылдан бастап 240-қа тарта объект сейсмикалық күшейтілді, биыл 7 білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде жұмыстар аяқталады. Әкімдіктің қолдауымен құлақтандыру жүйесі жаңғыртылып, адамдар көп жиналатын ғимараттар үшін цифрлық жабдықтар сатып алынды.
Еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023 жылға дейінгі Жол картасын іске асыру жалғасуда. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардан Жол картасын уақтылы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», - деп ТЖ министрі Юрий Ильин айтты.