«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына жалпы 50-ге жуық спорт түрі енсе, оның 13-і жарыс ретінде өтеді. ҚР құрамасы 4 спорт түрінен жарысқа қатысады. Атап айтқанда, көкпар, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ атудан спортшылар бақ сынайды. Теңге ілу мен аударыспақ спортшылар көрсетілім көрсетеді», - деді спикер.