Қазақстандық делегация Жапония астанасына келгеннен кейін Мұхтар Тілеуберді Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимас Хаяшимен келіссөздер өткізді. Президент Қ.Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, Министр М. Тілеуберді С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін және биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Министрлер екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелерін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі егжей-тегжейлі қаралды.