Үкіметаралық комиссияның жұмысына Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Вице-министр Қ. Төребаев өзінің құттықтау сөзінде әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін растады және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды тетігі ретінде Үкіметаралық комиссияның рөлін ерекше атап өтті.

Жалпы, кездесудің күн тәртібінде сауда-экономикалық, инвестициялық, банктік және ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге бағытталған кең ауқымды мәселелер қамтылған.

Кездесу барысында вице-министр Қ. Төребаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара сауданы ұлғайту мақсатында Вьетнам нарығына 530,8 миллион АҚШ доллары сомасына 90-ға жуық түрлі салалардағы өңделген тауарларды жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан мен Вьетнам Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің тараптары бола отырып, екі ел арасындағы тауарлардың экспорты мен импортын кеңейту үшін екі елдің іскер топтарына преференциялар беру шеңберінде бірлескен жұмысты, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жұмыстың жалғасатынын ата өту керек.

Отырыста Комиссия жақын болашақта негізгі өзара іс-қимыл ретінде келесі бірлескен іс-шараларды айқындады:

- Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру;

- өзара сауданы ілгерілету саласындағы бірқатар құжаттарға қол қоюды пысықтау (KazakhExport және QazTrade арасындағы Вьетнам Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы Сауданы ынталандыру агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандум;

екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ветеринария саласындағы келісімдер;  Қазақстанның Ұлттық аграрлық университеті мен Вьетнам Ауыл шаруашылығы академиясы арасындағы меморандум;

сондай-ақ, визалық талаптардан өзара бас тарту туралы және ұлттық стандарттарды ілгерілету және қабылдау туралы келісімдер).

Сонымен қатар, пандемиядан кейінгі кезеңде байланыстарды қалпына келтіру мақсатында тараптар Ауыл шаруашылығы бойынша кіші комитет құру жұмысын қайта бастайды және келесі жылдың басында бірінші отырыс өтеді.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 3,6%-ға өсіп, 203,7 млн ​​АҚШ долларын құрды.

Экспорт 27,7 млн АҚШ ​​долларынимпорт 176,0 млн АҚШ долларын құрады.