Тараптар экономиканың тұрақтылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Президенттің Жолдауын іске асыру жөніндегі шараларды талқылады.

Сонымен қатар, 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын дайындау мәселелері қозғалды. Министр құжатты пысықтауға мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен отандық және шетелдік сарапшылар тартылғанын хабарлады. Бұл Стратегия жобасында барлық негізгі стейкхолдерлердің пікірлері мен ескертулерін қамтуға мүмкіндік берді.

Тараптар сондай-ақ ағымдағы экономикалық жағдай туралы пікір алмасып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша барлық негізгі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге уағдаласты.