Оның сөзінше, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басшылық ету фактілері бойынша 24 қылмыстық топ құрықталды. Олардың 90 мүшесі ұсталды. 


«Заңсыз айналымнан 2900-ден астам қару тәркіленді. Адам саудасы бойынша 51 қылмыс анықталды. Іздеуде болған 1 603 қылмыскер ұсталды. Олардың арасында: 35 кісі өлтіргендер, 15 қарақшы, 8 зорлаушы, 97 тонаушы және 711 ұры бар.  1 934 есірткі қылмысы анықталды. Сондай-ақ 11 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 105 кг синтетика тәркіленді. 33 есірткі лабораториясы мен притондар жойылды. Есірткіні жарнамалау арқылы сататын 1 772 нарко сайт жабылды», - деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар, 6 млн әкімшілік бұзушылық анықталды. Салынған айыппұлдың 70%-ы немесе 38 млрд теңгесі өтелді.