«Осы жылы қолайлы жағдайлар егін жинау науқанының көп бөлігін үзіліссіз өткізуге мүмкіндік берді, нәтижесінде бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,4 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы егін жинау алаңының 96,3% жиналды», — деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Орташа түсімділік гектарына 13,0 центнер көлемінде 20,1 млн тонна астық бастырылды. Ербол Қарашөкеев 2021 жылы орташа түсімділік гектарына 9,8 центнер шамасында 14,9 млн тонна бастырылғанын немесе бұның биылғы жылмен салыстырғанда 25,9%-ға аз болғанын атап өтті. Ақтөбе, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында дәнді дақылдарды жинау толығымен аяқталды.
Егер дақылдар, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар дақылдар бөлінісінде қарайтын болсақ, онда жиналатын бидай алаңы 12,9 млн гектарды құрайды, оның 12,6 млн гектары немесе 98,1%-ы жиналды, түсімділігі гектарына 12,4 центнер шамасында 15,5 млн тонна бастырылды. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында бидай жинау аяқталды. Қалған облыстарда аяқталу сатысында.
Майлы дақылдарды жинау 1,4 млн га алқапта немесе егін жинау алаңының 40%-ында жүргізілді, майлы дақылдардың жалпы жиналымы гектарына 7,3 центнер орташа түсімділікпен 1,0 млн тоннаны құрайды. Картоп 164,5 мың га алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның 83,3%, жалпы жинау гектарына 198,2 центнер түсімділікпен 3,2 млн тоннаны құрады. Көкөніс дақылдары 149,6 мың га алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның 87,7%. Жалпы жиын-терім гектарына 280,5 центнер түсімділікпен 4,2 млн тоннаны құрады.
«Әлеуметтік маңызы бар дақылдардың болжамды жалпы жиналымы республиканың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жылдың қолайлы жағдайлары егіннің сапасына оң әсер етті», — деді ауыл шаруашылығы министрі.
Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа түсімнен барлығы 4,2 млн тонна астық түсті, бұл 2021 жылғы ұқсас күнге астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түскен астық көлемінен 2,2 есе көп. Мәселен, биыл 26 қыркүйектегі жағдай бойынша элеваторларға 3,4 млн тонна бидай; 564,8 мың тонна арпа; 178,6 мың тонна басқа дақылдар келіп түсті. Бұл деректер егін жинау науқанының өткен жылмен салыстырғанда озық қарқынмен өтіп жатқанын растайды.
Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштермен сипатталатыны да назар аудартады. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған бидайдың жалпы көлемінің 85,8%-ы 1-3-сыныптарға жатқызылған.
Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарына 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді, бұл 2021 жылғы деңгейден 27,0 мың тоннаға көп. Қазіргі уақытта 359,2 мың тонна немесе жоспардың 85% тиеп-жөнелтілді. Облыстардың деректері бойынша жанар-жағармай жеткізуде проблемалар байқалмайды.
Энергетика министрлігі қыркүйек айына хаттамамен мұнай өңдеу зауыттарынан орташа нарықтық бағаны тоннасына – 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге деп бекітті. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін республика бойынша орташа баға литріне 203 теңгені құрайды.
Ағымдағы маусымда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық келісімшарттар шеңберінде шамамен 1,1 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу бағасын белгілеп қойды, осылайша 3-сыныпты бидай сапасына қарай 121-125 мың теңге бағамен сатып алынатын болады. Бұрын форвардтық шарттар жасалған басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарына бағалар белгіленген.
«Белгіленген сатып алу бағалары нарықтың барлық қатысушылары үшін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері үшін әділ болып табылады», — деді Е. Қарашөкеев.
2022 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша шарттар бойынша қайтарылған астық небәрі 12,3%-ды (139,8 мың тонна) құрап отыр. Осыған байланысты, облыстардың әкімдіктері осы жылдың 1 қарашасына дейін шарттар бойынша астықты қайтаруды жеделдетуі қажет.
Ақмола облысында астық және бұршақ дәнді дақылдарды жинау аяқталу сатысында. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев өз баяндамасында мәлімдеді.
«Астық бастыру 4,4 млн гектарда немесе 96% алқапта жүргізілді. Гектарынан 11,3 центнер орташа түсіммен 5,0 млн тонна астық жиналды. Осы аптаның соңына дейін астық жинау аяқталатын болады», — деді Ақмола облысының басшысы.
Майлы дақылдар 57,3 мың гектар алқапта немесе егістік көлемінен 16% жиналды, жалпы түсім гектарынан 6,4 центнер орташа түсімімен 37 мың тоннаны құрады. Картоп жинау аяқталды.
Егін жинау жұмыстары үшін өңір арзандатылған дизель отынының қажетті көлемімен қамтамасыз етілді, жанар-жағармай жеткізуде проблема жоқ.
Шаруашылықтардың астық қоймаларын ескере отырып, 7 млн тонна астық сақтау үшін мүмкіндік жасалды. Барлық астық қабылдау кәсіпорындары жаңа өнімді қабылдауды жүзеге асырып жатыр. Элеваторларға 1,5 млн тоннадан астам астық жеткізілді. Өнім сапасының көрсеткіші өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде – астықтың 90% 3 санатқа сәйкес келеді.
Бұл ретте астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізілген астықтың 77%-ы дән маңыздылығы 30% жоғары, 2021 жылы бұл көрсеткіш 65% құраған болатын.
Өңірдің ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетіледі, биыл ол өткен жылмен салыстырғанда 45% өсімімен 102 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар қайтарымсыз мемлекеттік көмек түрінде 48,1 млрд теңге бөлінді. Егістік жұмыстарын кредиттеу үшін диқандарға шамамен 50 млрд теңге қаражат жолданды.
Сонымен қатар биыл тамыз айында іске қосылған жеңілдікпен лизингілеу бағдарламасының негізінде фермерлер 4 млрд теңгеге 58 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Қостанай облысында егін жинау науқанының барысы туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов баяндады. Облыста қолайлы ауа райы жағдайларының, ауыл шаруашылығы құралымдарының техникалық жарақтандырылуының және мемлекеттік қолдаудың арқасында дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды.
Қазіргі уақытта 3 млн 881 мың га немесе жалпы алаңның 98,1% жиналды. 4,6 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділік 11,9 ц/га құрайды.
Дәнді дақылдарды жинау аяқталғаннан кейін егін жинау техникасы майлы дақылдарды жинауға бағытталады. Бүгінгі күні 297 мың га майлы дақылдар немесе 40%, 166,3 мың тонна бастырылды, орташа өнімділік 5,6 ц/га құрайды.
«Егін жинау жұмыстарына 8,9 мың комбайн тартылды. Жеңілдетілген ЖЖМ қамтамасыз етілді, облысқа 77 мың тонна дизель отыны бөлінді, бүгінгі күні қыркүйек айында МӨЗ-ден жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жиналған өнім жалпы сыйымдылығы 8,3 млн тонна болатын астық қабылдау кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қоймаларына жеткізілді», — деді әкім.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және жемдік сатып алу бағдарламасы бойынша осы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 34,6 млрд теңге берілді. Тапсыруға жататын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 494 мың тоннаны құрайды. Уәкілетті элеваторларға 183,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі немесе 37% әкелінді. Оның ішінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 99,3 мың тонна қайта рәсімделді.
Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4,4 млн гектар алқапқа егін себілді. Қазір дәнді және дәнді-бұршақты дақылдың 98%-ы орылды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, 4,6 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 15 центнер. Майлы дақылдың 561 мың гектары немесе 58,5%-ы жиналды, жалпы түсім 425 мың тонна. Картоптың жалпы түсімі 291 мың тонна, 116 ц/га, көкөніс 61 мың тонна, 130 ц/га.
6,6 млн тонна астық сақтайтын қоймалар бар, ол жиналған өнімді сапалы сақтауды толық қамтамасыз етеді. Астық қабылдайтын кәсіпорындарға 1,1 млн тонна астық түсті, оның 80%-тен астамы – 3-ші класс.
Азық-түлік корпорациясы 425 мың тоннаны форвардтық сатып алуға келісімшарт жасады. 2023 жылы егуге 372 мың тонна тұқым төгілді.
«Агрохимиялық іс-шаралар толық жүргізілді. 130 мың тонна минералды тыңайтқыш себілді. Жоспар 170 мың тонна. Жұмыс жалғасуда», — деді Қ. Ақсақалов.
2023 жылғы егіске дайындық жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 1 млн га алаң жыртылды.
Диханшылар жыл басынан 47 млрд теңгеге 1,7 мың бірлік техника, оның ішінде жаңа лизинг бағдарламасы бойынша 80 бірлік отандық техниканы сатып алды.
СҚО әкімінің айтуынша, өңірде жанар-жағармай бойынша проблема жоқ. 78,5 мың тонна жеңілдетілген дизельді отын бөлінді, оның 76,2 мың тоннасы тиелді.
«Жалпы, қажетті іс-шаралар уақытында толық орындалды, бұл жұмысты оңтайлы мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді», — деді өңір басшысы.