«2019 жылы ұрлық, мал ұрлығы және зорлау ауыр қылмыстар санатына ауысты. Бұл нағыз «кәнігі» ұрылар мен қылмыскерлерді қамаққа алып, қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік берді. Қылмысты қайталауға тосқауыл болды. Нәтижесінде, ұрлық саны 2 есеге азайды. Ал, мал ұрлығы – арнайы қылмыс құрамына енгізілді. Бас бостандығынан айыру жазасы – 12 жылға дейін көзделді. Бұл – мал ұрлығын 2,5 есеге азайтты. Зорлау қылмысы да ауыр санатқа жатқызылды. Татуласуға тыйым салынды. Күдіктінің осылайша жауаптылықтан қашуына тосқауыл қойылды. Нәтижесінде, бұл қылмыс саны 2 есеге қысқарды», - деді М.Ахметжанов.