«Кез келген шетел азаматы жеке басын куәландыратын құжатпен, яғни паспортпен келуі тиіс. Паспортта кириллица немесе латын әріптері болмаған жағдайда, паспорттың нотариалды куәландырылған аудармасы қажет. Бүгінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру бойынша бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.  Бұл – халыққа қызмет көрсету орталықтары. ЖСН дайындау мерзімі - бір жұмыс күні», - деді спикер.