«Қабылданған шаралар қазақстандықтар мен шетел азаматтарына штаттық режимде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі таңда бейрезиденттер үшін онлайн брондау мүмкіндігін жасау жоспарлануда, бұл ХҚКО-ға баруды жоспарлауға және жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бейрезиденттер алдын-ала кеңес алу үшін 1414 нөміріне қоңырау шала алады. Бұдан басқа, 2021 жылғы желтоқсаннан бастап біздің шет елдердегі мекемелерде ЖСН және ЭЦҚ беру бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп еске салды цифрлық ведомствоның өкілі. 


ЦДИАӨМ, ІІМ және СІМ пилоттық жобасы Берн, Бішкек, Варшава, Вашингтон, Дубай, Мәскеу, Нью-Йорк, Бейжің, Прага, Сеул, Санкт-Петербург, Стамбул, Франкфурт-на-Майне қалаларының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейді.

Жалпы, жағдай реттелуде, ХҚКО-лардың шамасы жеткілікті.