Арыс қаласындағы «№2 бастауыш мектебі» КММ-не Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі; «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не Мұхамеджан Тынышбайұлының есімі; Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Абайдың есімі; Жетісай ауданындағы «№12 жалпы орта мектебі» КММ-не Әл-Фарабидің есімі; «№ 58 жалпы орта мектебі» КММ-не Мырзақадыр Нұрбаевтың есімі; Мақтаарал ауданындағы «№36 жалпы орта мектебі» КММ-не Әлихан Бөкейханның есімі; «№ 9 жалпы орта мектебі» КММ-не Ахмет Байтұрсынұлының есімі; Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне «Отырар» атауы берілді.

Сауран ауданының «№13 жалпы орта мектебі» КММ-не Әшірбек Сығайдың есімі; «№25 жалпы орта мектебі» КММ-не Сабыр Рахимовтың есімі берілсе, «А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-сі «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-сі болып; Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Амангелді» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Майлықожа ақын атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып; Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып; Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазақстанға 30 жыл» атындағы № 3 көп салалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі болып; Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Болашақ» мектеп-гимназиясы» КММ-сі «Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-сі болып; Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Кезеңбұлақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Егемқұл Тасанбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып өзгертілді.

Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебі КММ-сі «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Сәдуақас Темірбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып; Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Екпінді» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шорнақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Майдантал» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызыл жол» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ташанақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып өзгеретін болды.

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шыпан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шобанақ жалпы орта мектебі» КММ-сі «Төле би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Иқан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ескі Иқан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып; Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Достық» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып қайта аталды.