Жарты жылдың қорытындысы бойынша нөмірлік қор 199 мыңнан астам төсек-орынды құрайды. Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда орналастыру орындарында көрсетілетін қызметтер көлемі де артты. Егер 2019 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша қызметтер көлемі 51 млрд теңгені құраса, ағымдағы кезеңде көрсеткіш 30%-ға өсіп, 68 млрд теңгені құрады. 2019 жыл – үлгі боларлық жыл. 


«Орналастыру орындарының толтырылуы осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 28,2% құрайды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен жоғары (27%). Осындай динамика кезінде жыл соңына қарай толымдылық 32%-ды құрайды деп болжанып отыр. Шектеулерді алып тастаудың арқасында шетелдік қонақтардың да өсуі байқалады. Биылғы жарты жылдықтың деректері бойынша келушілер саны 1,3 млн құрап, өткен жылдың қорытынды деректерімен теңесті. Жыл соңына дейін шамамен 2,5 млн келуші болады деп күтілуде. 2022 жылдың 6 айында қонақ үйлер қызмет көрсеткен шетелдік туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артық. Шамамен 300 мың адам. Болжам бойынша биыл 700 мың қонақ келеді», - деп атап өтті спикер.