Оның айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау бойынша 2 нұсқа қарастырылуда. Біріншісі – жоғары сыбайлас жемқорлықты ескере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялаудан бас тарту және оның орнына жабдықтарды субсидиялау нормативтерін арттыру. Екінші нұсқа – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялауды қалдыру. Ол жұмыс тобының соңғы отырыстарында анықталатын болады.


«Өсімдік шаруашылығына келетін болсақ, мұнда бағыттар мен нормативтер қалады. Қосарланған субсидиялауды болдырмау мақсатында бірегей тұқымдарды субсидиялаудан бас тарту ұсынылады. Мал шаруашылығы бойынша жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар субсидиялау түрлерін алып тастау, ал қалған түрлерін жүйелеу және бірыңғай түрге - селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялауға біріктіру және сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту ұсынылады», - деді министр.


Сүт құбыры бар машиналық саууы бар субъектілер үшін сүт бойынша 1 кг сүтке 40 теңге деңгейінде бірыңғай нормативтерді белгілеу ұсынылады. Сонымен қатар, жаңа сүт-тауар фермаларын салу кезінде инвестициялық субсидиялар нормативтерін жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы инвестициялық субсидиялау нормативтеріне 25%-ға құқық беру жолымен арттыру, жергілікті бюджет есебінен тағы да 25%-ға дейін қосымша ақы төлеу ұсынылады.


Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу бойынша отандық және импорттық жануарлар үшін сүтті мал бойынша 300 мың теңге деңгейінде, етті мал бойынша – 1 басқа 200 мың теңге бірыңғай норматив белгілеу және сол арқылы асыл тұқымдық репродукторларға бәсекелестік үшін тең жағдай жасау ұсынылып отыр. Қазіргі кезде субсидия жүйесі бойынша импортталған малға ақша көбірек төленіп келді, енді бірыңғай деңгейге келтірілді.  


«Жұмыртқа құс шаруашылығы бойынша норматив барлығы үшін бірдей болады, ет шаруашылығы бойынша – 1 кг үшін бірыңғай нормативтер орнатылады, алайда ет құс шаруашылығын ынталандыру үшін сүт саласында жасалғандай, жергілікті бюджет есебінен 25-тен 50%-ға дейін инвестициялық субсидиялау нормативтері ұсынылады.
Бұдан басқа, қос субсидиялауды болдырмау үшін сиыр етін өңдеу кәсіпорындары үшін сиыр етін дайындау құнын субсидиялауды алып тастау ұсынылады (175 теңге).
Бұқашықтар мен қошқарларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Азықты субсидиялау бойынша төтенше жағдайларда немесе Қазгидромет растаған ауа райының қолайсыз жағдайларында тек пішен мен кебекті субсидиялау ұсынылады», - деді ведомство басшысы.