«Жалпы, бүгінгі таңда мемлекетке 3,84 млн га пайдаланылмайтын жер қайтарылды, 2023 жылдың соңына дейін 10 млн га пайдаланылмайтын жерлер қайтарылады. Алайда осы көлемді жұмысты орындау үшін қосымша 200 штат бірлігін бөле отырып, жер инспекциясын нығайту, сондай-ақ пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша мониторингті жүзеге асыру функцияларын олар тиісінше орындамаған жағдайда, аудан әкімдерінің және облыстар әкімдерінің жер қатынастарына жетекшілік ететін орынбасарларының жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр», - деді спикер.