«Бүгінгі таңда көкөніс өнімдеріне бағаның төмендегені байқалады. Мысалы, негізгі өндіруші өңірлерде пияз бағасы 30-50 теңгеге, картоп 95-100 теңгеге, сәбіз 85-100 теңгеге, қырыққабат 50 теңгеге дейін арзандады. Бұл көкөніс өндірушілердің көтерме бағасы. Бағаның өсуіне жол бермеу үшін әкімдіктер келесі жылдың қысқы және көктемгі кезеңіне арналған қорлармен қамтамасыз ету мақсатында көкөністер бойынша келісімшарттарға отыру жұмысын жүргізуде», - деді министр.