26 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы “Жомарт жүрек” сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Конкурс азаматтарды, бизнес-құрылымдар өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді туған жерін дамытуға, ынталандыру және көтермелеу мақсатындағы қайырымдылық идеяларын насихаттауға бағытталған.
“Жомарт жүрек” марапаттау рәсімінің “Жыл тұлғасы – 2022” номинациясы бойынша Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкері Еламан Тулешов марапатталды.
Еламан қала аумағында орын алған өрт кезінде 60-қа жуық адамды эвакуациялаған. Сондай-ақ, Береке ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 9 қабаттан құлап кету қауіпі болған екі жастағы жасөспірім баланы құтқарып қалған.
Бейбіт күнде ел тыныштығын күзетуде өз өмірлерін қиып, халық өмірін бірінші орынған қоятын тәртіп сақшыларының ерлігі көпке үлгі. Ел үшін өмірге келіп, ел үшін қашанда аянбай еңбек еткен жандар әрқашан құрметке ие.