«Тұмау эпидемиялары жыл сайын барлық жерде болады және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы елеулі проблема болып табылады. Адамдардың көбі тұмауды ауыр сырқат ретінде қабылдамайды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес жыл сайын тұмау мен ЖРВИ-дің 5 миллионға дейін ауыр жағдайы тіркеледі және респирторлық аурулардан 650 мыңға дейін адам қайтыс болады. Тұмау кенеттен басталады, дененің қызуы тез көтеріледі. Организмнің айқын интоксикациясы байқалады. Алдағы эпидемиялық маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының деректері бойынша вирустың үш штаммы өзекті болады - A (H1N1), A (H3N2) және B, олар 2022/2023 эпидемиологиялық маусымда вакцина құрамына енгізілген», - деді спикер.