Оның айтуынша, былтыр A (H3N2) және B тұмау вирусының 2 штаммы айналымда болды, барлығы тұмаудың 915 жағдайы анықталды, секвенирлеу нәтижесі бойынша штаммдар вакциналық штаммдарға сәйкес келді. 


«Тұмаудан басқа елімізде тұмауға жатпайтын вирустар да айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 10 мыңнан астам үлгі зерттелді, риновирус, РС вирус, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус анықталды. Аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі –ванцинация. Вакциналар қауіпсіз, тиімді және 60 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. 
Осы жылы Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцинаның құрамында алдағы маусымдағы тұмауға қарсы штаммдар бар. Бұл республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ кемінде 10% ұсынады», - деді вице-министр.