«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцинацияны халықтың анағұрлым осал топтары алады. Атап айтқанда, медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары егіледі, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша егу қарастырылған», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.