Кеңеске Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруды талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау әдістемесі және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу мәселесі қаралды.
Жиынды қорытындылай келе, Е. Жамаубаев мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау бойынша жұмысты жалғастыруды және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске асыру тетігін егжей-тегжейлі әзірлеуді тапсырды.