Тараптар бұл құжат екі елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретініне, екі мемлекеттегі желілердің қол жетімділігі мен өткізу қабілетін арттыру бағытында жаңа нарықтық мүмкіндіктерді ашуға ықпал ететініне сенімді.

Құжат «Қазақстан-Әзірбайжан» бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) жобасының шеңберінде екі оператордың стратегиялық әріптестігін көздейді. Айта кету керек, бұл жоба Қазақстан мен Әзірбайжан арқылы Еуропа мен Азия арасында Цифрлық жаңа телекоммуникациялық дәліз құруды көздейтін «Цифрлық Жібек жолы» (Digital Silk Way) ауқымды жобасының бір бөлігі болып табылады.

Қос телеком-оператордың өкілдері электр байланысының халықаралық қызметтерін көрсету бойынша екіжақты бизнесті одан әрі дамытуға, екі елдің digital-трансформациясы мен цифрлық инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру бойынша екіжақты ынтымақтастықты ынталандыру мүмкіндігіне қызығушылық білдірді.

«Бүгінгі таңда біз үшін бірлескен міндеттер мен мүдделерді шешудің ең оңтайлы формуласы тікелей қарым-қатынас құру болып табылады. «AzerTelecom» компаниясымен алдағы уақытта озық тәжірибелермен бөлісіп, ақпарат алмасып және бірлескен жобаларға жәрдемдесуді бүгінгі құжат негізінде бекітіп отырмыз. Мұның барлығы өз кезегінде екі ел желілерінің қолжетімділігі мен өткізу қабілетін арттыру бөлігінде жаңа нарықтық мүмкіндіктерді дамытуға ықпал ететін болады»,-деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Цифрлық инфрақұрылым жобасы аясындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы бағытындағы біздің компанияларымыздың арасындағы келісім транзиттік қабілетімізді кеңейтіп, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ, осы ынтымақтастықтың көмегімен біз екі мемлекеттің де тұтынушыларына телекоммуникациялық қызметтерді ұсынуда сенімділікті арттыруға мүмкіндік аламыз", - деп атап өтті "AzerTelecom" компаниясының операциялық мәселелер жөніндегі бас директоры Сергей Назаренко.

«NEQSOL Holding» құрамына кіретін «AzerTelecom» компаниясы Әзірбайжандағы жетекші байланыс операторы болып табылады және елді халықаралық телекоммуникация желілеріне қосуды қамтамасыз етеді.

«Қазақтелеком» - Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компаниясы, ұлттық байланыс операторы мәртебесіне ие.