Бүгінде ол жерде 2022 жылдың көктемінде аталған миссияға жіберілген Қазақстан Қарулы күштерінің төрт офицері қызмет өткеріп жатқанын атап өткен жөн. 2014 жылдан бері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы бітімгерлік миссиясына отыздан астам қазақстандық әскери қызметші қатысты.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, үміткерлер еліміздің Қарулы күштері шеңберінде тиісті іріктеу мен медициналық комиссиядан өтіп, қажетті тест тапсырды. Сондай-ақ Асқар Мұхамедрысұлы мен майор Бақтияр Батталов Африка құрлығына жіберілгенге дейін БҰҰ-ның әскери байқаушылары мен штабтық офицерлер курсын шетелде аяқтады.

Қазіргі таңда әскери қызметшілер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабы орналасқан Эль-Аюн қаласына келді. Бірқатар дайындық шараларынан соң олар қызметтік міндеттерін орындауға кіріспек.

Әскери байқаушылар жауапкершілік аймағында жергілікті жерді патрульдеу іс-шараларын жүргізіп, мониторинг нәтижелері туралы миссия басшылығына егжей-тегжейлі баяндайтын болады.

Әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына жіберу күрделі жағдайларда қызмет өткерудің қажетті тәжірибесін алуға және ел Қарулы күштерінің жауынгерлік даярлығын дәйекті жетілдіруге ықпал етеді.