Заң көлемі ауқымды, онда 30-дан астам заңнамалық актілерге өзгеріс қамтылған және ол, шын мәнінде, даму бағдарламасы болып табылады, оған сәйкес алдағы үш-төрт жыл ішінде сақтандыру саласы және бағалы қағаздар нарығы дамитын болады.
«Заң жобасының бірінші блогы сақтандыру секторын одан әрі кешенді дамытуға бағытталған. Соңғы бес жылда сақтандыру нарығы тұрақты өсуде. Өткен жылы саланың екі негізгі көрсеткіші айтарлықтай өсуді көрсетті. Бұл сақтандыру сыйлықақыларының көлемі: алдыңғы жылға қарай ол 37%-ға және төлем қабілеттілігі маржасы (активтердің сақтандыру компанияларының міндеттемелеріне қатынасы) 7%-ға 567 млрд теңгеге дейін өсті. Біз нарықтың өсуі ерікті жеке және ерікті мүліктік сақтандыру сияқты ерікті сақтандыру түрлерінің есебінен орын алатынын қуана атап өтеміз. Әрине, турбуленттілік пен күрделі геосаяси және экономикалық ахуал кезеңінде ағымдағы жылдың алғашқы алты айының қорытындылары соншалықты оптимистік түрде көрінбейді.
Алайда сақтандыру нарығының әлеуеті, бірінші кезекте, өмірді жинақтаушы сақтандырудың жаңа әлеуметтік бағдарланған өнімдерін енгізу, сақтандыру қызметтерін одан әрі цифрландыру, сондай-ақ осы қызметтердің тұтынушыларын қорғауды қамтамасыз ету есебінен ауқымды болып отыр», - деді спикер.