«Соңғы 3-4 жылда Қаржы министрлігі шеңберінде ақпарат жүйесі бойынша көп жоба іске асырылды. Атап айтқанда, «E-Salyq Azamat» жобасы - жеке тұлғаларға жеңіл түрде ақпарат алуға, декларация тапсыруға қызмет түрін алуға қолжетімді жаңа жүйе. Қазіргі кезде оны 1,5 млн жуық адам қолданылып отыр. Бұл сұранысқа ие жүйе. Сондай-ақ «E-Salyq Виѕіпеѕѕ жүйесі» кәсіпкерлерге қызмет түрлерін алуға, өлшемдерін өзгертуге, декларация тапсыруға, басқа да қызметтер көрсетуге арналған. Үшінші жоба – «АСТАНА-1» жобасы. Айта кетейік, кедендік рәсімдер 3-4 жылда толық автоматтандырылды. Декларациялар 100% электронды түрде тапсырылады, «жасыл дәліз» жүйесі бойынша 1 минут ішінде 82% автоматты түрде. Келесі жоба бір терезе қағидаты бойынша енгізілген жоба. Оның мақсаты – барлық рұқсаттама қағаздарын ортақ кедендік жүйеге қосу арқылы тез қызмет көрсету. Нәтижесінде қызмет көрсету уақыты 6 есеге қысқарды», - деді вице-министр. 


Оның айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесі салық жүйесіне де, кедендік жүйеге де енгізілді. Бұл қосылған құн салығын қайтарған кезде, тексеріс процестерін жүргізген кезде қолданылады.