«Мұндай міндеттерді шешу үшін біз өз жұмысымызды толығымен қайта қарап, бақылау функцияларына емес, қызмет көрсетудің сервистік моделіне бағдарлануымыз керек. Осы бағытта жұмыс істейміз, сервистерді кеңейтеміз, IP арқылы өз қызметтеріміздің бірқатарын аутсорсингке береміз. Бұл мемлекеттік қаржы секторы емес, екінші деңгейдегі банктер, «Азаматтарға арналған үкімет». Мысалы, қазір Каспий және Халық банкі қосымшаларындағы берешек, салық сомасын нақтылау жөніндегі қызметтер кеңейтілетін  болады. 20 банкпен келісім бар. Олардың ресурстарын жүйелі түрде қолданамыз, өйткені адамдар қаржы институттарының қызметтерін пайдаланады. Егер қосымшаларда барлық қызметтер болса, біз өз жүйелерімізді жеңілдетеміз және салық төлеушілерге ыңғайлы болады.  Жалпы, бір рет басу арқылы төленетін салық туралы Push хабарландыруларға көшпекпіз. Сонымен қатар алдағы уақытта Wildberries, Яндекс, Glovo интернет платформаларын пайдалануға ниеттіміз. Осы платформалармен өзара әрекет  етіп, ауыртпалықсыз салық салуға көшеміз. Бүгінгі таңда салық салу жүйесі көрінбейтін операторлардың бірімен келісімге қол жеткізілді. Екі жолы бар: E-Salyq Azamat-қа тіркелу және салық төлеу, немесе онлайн платформа арқылы жасау. Қазір пилоттық жоба іске қосылады. Егер ол өзінің тиімділігін көрсетсе, онда жаңа Салық кодексіне енгізіледі. Осылайша, салық төлеу ыңғайлы, қарапайым және бизнес үшін ешқандай жүктеме болмас үшін ақпараттық қызметтердің барлық мүмкіндіктерін пайдаланамыз», - деді вице-министр.