Оның айтуынша, қазір делдалдарды пайдалану үшін бірқатар консультациялар, келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мұндай жүйелер бизнеске тексерулерге бармау, үлкен айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемеу үшін қажет, бұл қызмет онлайн форматта ұсынылады.  

«Хабарламаны береміз - салық төлеуші, егер келісетін болса, өз қолымен растайды. Бірақ бұл болашаққа арналған жоспарлар. Жаңа Салық кодексі шеңберінде салық төлеушілердің қызмет түрлері мен мөлшерін саралау бөлігінде салық ставкалары өзгереді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Сондай-ақ, қазіргі арнайы салық режимдері қайта қаралады. Ынталандыратын режимдердің жаңа түрлерін енгізу қажет. Олар аз, бірақ оларды түсіну және міндеттемелерді орындау оңай болады. Осы жұмыстардың барлығын біз жұмыс тобының сарапшыларымен бірге жүргіземіз. Бүгінде 2030 жылға дейінгі жаңа салық саясатының тұжырымдамасы дайындалуда. Ол Ұлттық экономика министрлігінің қамқорлығымен жаңа Салық кодексінің негізіне айналады», - деді ведомство өкілі.