Отырыста Еуропа Кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдары талқыланды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қабылдау мақсатында ГРЕКО ұйымымен өзара қарым-қатынас орнатуға баса назар аударылды.

Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсынымдарын пысықтау және іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында мемлекеттік органдар атқарып жатқан жұмыстардың жай-жапсары талқыланды.

Жиында аталған Кешенді жоспарды өз деңгейінде іске асыру, оның орындалуына нақты мониторинг жүргізу және көлеңкелі экономиканы азайту үшін қабылданатын шараларға түзетулер енгізу жайында айтылды.

Комиссия отырысындағы талқылаулардан кейін жиында қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.