Сұхбаттастар екі жақты ынтымақтастық шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ аграрлық білім беру және ғылым салаларындағы өзара іс-қимыл бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Қазақстандық дипломат 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылуына жеке тоқталып, ауыл шаруашылық ғылымы агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктерін елдің азық-түлік қауіпсіздігі доктринасымен ұштастыра келе, инновациялық сипатта болуы қажет және нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін күрделі ғылыми-техникалық өнімді әзірлеуге бағдарлануы тиіс екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Қазақстан экономикасының барлық салаларында жаңғыртуды жеделдету туралы алға қойған міндеттеріне сүйене отырып, Ж. Әбдрашов мажар ауыл шаруашылығы жоғары оқу орнын Қазақстанда өз өкілдігін ашуға шақырды. Ол Мажарстанның сапалы жоғары білімі біздің елімізде сұранысқа ие болатынын және елдеріміз арасындағы халық шаруашылығы байланыстарын одан әрі нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

Ректордың айтуынша, төрт университет пен он бір ғылыми-зерттеу институттарын біріктіретін Мажарстанның Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университеті Орталық және Шығыс Еуропадағы ауыл шаруашылығына бағытталған көп салалы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Ч. Дюрица Қазақстанда филиалдың ашылуы екі елдің ғалымдарына АӨК-тің барлық өзекті проблемалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға, қазақстандық мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мажарстан Үкіметі жыл сайын қазақстандықтар үшін 250 грант бөледі. «Стипендиеум Хунгарикум» гранты негізінде Мажарстанның Ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінде 29 ҚР студенті оқиды. 2022 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының академиялық мобильділік шеңберінде Мажарстанға ауыл шаруашылығының түрлі салаларында зерттеулер жүргізу үшін 6 зерттеуші-оқытушы келді.