Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ оның айтуынша, ведомство «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.