Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Қытай Халық Республикасынан 11 ұлттық ерлер командаларының құрамасы және Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей Федерациясынан 4 ұлттық әйелдер командаларының құрамасы  қатысады.

Біздің еліміздің намысын ерлер мен әйелдер командасындағы әлемдік деңгейдегі спортшылар қорғайтын болады.

Чемпионат аясында өртке қарсы авариялық-құтқару жабдықтарының халықаралық көрмесі, өртті сөндіру және алдын алу саласындағы нанотехнологиялардың көрсетілімі ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу, кәсіби және спорттық шеберлікті арттыру, достық байланыстарды нығайту, түрлі елдердің өрт сөндіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық деңгейде өрт сөндіру-құтқару спортын одан әрі дамыту болып табылады.