Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ, әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысу үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет бойынша өтінім беріп, қосымша деректерді толтыру қажет.
Өтінім қабылдау 2022ж. 1 қазанда басталып, 2022ж. 20 қазанға дейін жалғасады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру;
Екінші кезең – әр номинация бойынша жоғары дауыс жинаған 10 үміткерді Конкурстық комиссияның бағалауы.
Нәтижесінде төменде көрсетілген номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз деп танылады:
- «Үздік волонтерлік ұйым»;
- «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
- «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;
- «Үздік әлеуметтік көмекші»;
- «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
- «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
- «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
- «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
- «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
- «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»;
- «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;
- «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
- «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
- «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
- «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
Жеңімпаздар 5 желтоқсанда Халықаралық волонтёр күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиында марапатталады.
Сыйлық беру қағидаларымен «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен танысуға болады http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000021420
Сондай-ақ толық ақпарат ҚР АҚДМ ресми сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk
Қосымша сұрақтар бойынша ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің қайырымдылық және волонтерлік мәселелері жөніндегі басқармасының мамандарына 87172 741286 және 87172 741074 номерлері арқылы хабарласуға болады.