Сонымен қатар Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй тетігін енгізу пысықталуда.

«Кезекте тұрғандардың қалауы бойынша таңдау құқығын беру ұсынылады. Ол сатып алу мен жалға алу, көшу, сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйде қалу. Бүгінде әкімдіктердің балансында сатып алусыз 36 мың пәтер бар. Тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу бойынша барлық шығыстарды тұрғын үй толық амортизациялағанға дейін жергілікті бюджет көтереді. Сондай-ақ қазақстандық тұрғын үй компаниясының балансында 23 мың пәтерді сатып алатын, жалға беретін тұрғын үй қоры бар. ЖАО жалға берілетін тұрғын үйді «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ балансына беру, сатып алу мен жалға берілетін кезекте тұрғандар үшін бастапқы жарнаны енгізбей сатып алу ұсынылады. Тұрғын үй жеке құрылыс салушылардан өмір сүрудің қолайлы жағдайларына қазіргі заманғы өлшемдерге сәйкес келетін нарықтық бағамен сатып алынатын болады», - деді спикер.