Келісімде тараптар елдегі виртуалды активтер нарығын қауіпсіз дамытуға және өзара іс-қимыл үшін ұзақ мерзімді және тұрақты платформа құруға мүдделілік білдірді.
Шараның негізгі мақсаты криптоактивтер айналымы және ақпарат алмасу, сондай-ақ Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға арналған виртуалды активтерді анықтау және бұғаттау саласындағы Тараптардың ынтымақтастығы және өзара қолдауы болып табылады.
Меморандумға қол қою бүкіл әлем бойынша реттеушілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін оқытудың жаһандық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты - кибер және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте экожүйенің жергілікті және халықаралық органдармен ынтымақтастығын дамыту.
Еске сала кетейік, әлемдік блокчейн экожүйесі және криптовалюта инфрақұрылымын жеткізуші Binance өзін ақшаны жылыстатуға қарсы күрес (AML) және жаһандық Санкциялар принциптерін, сондай-ақ күдікті шоттар мен алаяқтық әрекеттерді алдын ала анықтауға арналған құралдарды қамтитын саладағы сенімді сәйкестік бағдарламасы ретінде көрсетті.
Құжатқа қол қою үшін елордаға тергеу барлау бөлімінің жаһандық басшысы Тигран Гамбарян, Санкциялар жөніндегі жаһандық басшы Чагри Пойраз және ТМД елдеріндегі мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі Директор Ольга Гончарова, сондай-ақ "Binance" өңірлік директоры Рауан Сағидолла келді.
Тараптар крипто-активтер туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.
Меморандум қылмыстық крипто-активтерді Қазақстан пайдасына бұғаттау, тыйым салу және тәркілеу жөніндегі рәсімді жолға қоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, меморандумда мүдделі мемлекеттік органдар үшін криптовалютамен жұмыс істеу бойынша семинарлар мен оқытулар өткізу көзделген. Binance құқық қорғау органдарын оқыту бағдарламасы Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Норвегия, Канада, Бразилия, Парагвай және Израильде өткізілген болатын.