Іс-шараға Қазақстан Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары, сонымен бірге Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Германиядан ғалымдар қатысады.

Сол күні опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Сазген сазы» этно-фольклорлық ансамблі, халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық байқауларының лауреаты Ерке Есмаханның қатысуымен салтанатты концерт өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясында бұл екі маңызды күн ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер тізіміне енгізілген.