Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «Еуразиядағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес: көміртегі биржалары және көміртегі шаруашылығының болашағы» атты халықаралық инаугурациялық диалог алаңында сөйлеген сөзінде фермерлер іс жүзінде өнімнің тағы бір түрін: ауыл шаруашылығы климаттық жобалары бойынша көміртегі бірліктерін өндірушілерге айналып жатқынын айтты.

«Ірі халықаралық агрокомпаниялар көміртекті практикаға көшкені үшін фермерлерге сыйақы төлеуді көздейтін көміртекті егіншілік бағдарламаларын қалыптастыруда. Халықаралық корпорациялар көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарларын белсенді түрде жариялап жатыр және есептерінде офсет деп аталатын сатып алынған көміртегі бірліктерінің көлемін көрсетеді. Офсеттің ең ірі сатып алушылары – (Google, Microsoft) цифрлық алыптар, (Delta) әуе компаниялары, (JPMorgan Chase, Goldman Sachs) инвестициялық банктер. Нарықтық тетіктің тиімді жұмыс істеу факторларының бірі – квоталау субъектілерінің, яғни шығарындылары заңмен шектелген компаниялардың офсеттерді есепке алу мүмкіндігі. Бұл тұрғыда Қазақстан көміртегі бірліктері нарығын ұйымдастырудың неғұрлым инклюзивті моделі бойынша жүріп бастады: қазақстандық компаниялардың Қазақстан аумағында іске асырылып жатқан климаттық жобалар бойынша нарықта сатып алынған офсеттерді шектеусіз есептеуге мүмкіндігі бар», — деді Серік Жұманғарин.

Офсеттерді есепке алу шегі шектеулі: мысалы, Қытайдың реттелетін ұйымдары офсеттермен белгіленген шығарындылар квотасынан 5%-дан аспайтын мөлшерде өтемақы төлей алады.

«Алайда қазірдің өзінде Қытайда да, Еуропалық Одақта да көміртекті офсеттер нарығын неғұрлым белсенді дамыту туралы пікірталас жүргізіліп жатыр – Қазақстанның тәжірибесін біздің әріптестеріміз ескереді деп үміттенеміз», — деді ол.

Осылайша, Қазақстан көміртегі бірліктерін өндіру саласын ынталандыру және көміртекті офсеттер нарығын қалыптастыру бойынша үлкен қадам жасады. 

Анықтама: 2022 жылғы 3-7 қазан аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ҚР Үкіметі қолдауымен Халықаралық инвесторлар апталығын гибридті форматта өткізіп жатыр. Бірлесіп ұйымдастырушылар мен қатысушылар: халықаралық қолданбалы жүйені талдау институты (IISUSA), БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы, TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы, ұлттық ESG-Клубы, GFC.