Бұл жоба 16 қазан-16 қараша аралығында өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Businees start» кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев мәлімдеді.

«Біздің орталық жастардың инновациялық және IT саласының жобаларын дамытумен айналысып келеді. Өңірде Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық кезеңін өткізбекшіміз. Мұнда облысымыздағы барлық IT мамандарды жинап, өздерінің идеялары мен ерекше жобаларын дамытуға атсалысамыз. Аталмыш жобаға қатысу арқылы өзіңіздің IT жобаңызды іске қосудың тиімді тәсілдерін және алғашқы инвестицияны тартуды үйренесіз. Стартап-инкубатор бағдарламасының қатысушыларының арасында 5 млн. теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, бүгінде ENACTUS KAZAKHSTAN-ның бас офисі арасында меморандум жүргізілуде», -деді Жанарыс Түбекбаев.

Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар үшін «HACKHATON» конкурсы ұйымдастырылуда. Студенттерге 450 000 теңге қаржылай сыйақы, ал мектеп оқушылары үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен арнайы грант бөлінеді. Бұдан бөлек, облыс жастары арасында дәстүрлі түрде «PECHAKUCHA» танымдық-тренинг ұйымдастырылады.