«Біздің міндетіміз - мемлекеттік қала құрылысы кадастры арқылы осы аймақта коммуникацияларды: суды, жарықты, газды немесе жылуды қосу мүмкіндігі бар-жоғын көрсету. Сонымен қатар мемлекеттік қала құрылысы кадастры қала құрылысы жүйесі үшін құжатқа айналып қана қоймай, тұтастай алғанда, жергілікті атқарушы органдар үшін объективті шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін көптеген деректерден тұрады. Аумақта құрылыстың тығыз жүргізілуіне, коммуникация, жол инфрақұрылымына түсетін жүктемеге қатысты шағымдар көп туындайды. Адамдар мұндай құжаттарды көрмейді, ал көшеге шығып, «мұнда көпқабатты тұрғын үй немесе қандай да бір инфрақұрылым салудың қажеті жоқ» дейді. Бұл инфрақұрылымға қосымша ауыртпалық түсіреді деп қорқады. Ол үшін біз заңнамалық тәртіпте өзгерістер енгіземіз және белгілі бір ауданға жергілікті атқарушы органдар әзірлеген егжей-тегжейлі жобалаудың әрбір шешімінің қала құрылысы сараптамасынан өтуін талап етеміз. Бұл жай «сөз ғана» емес, біздің нормативтік бағаларымызға сәйкес ғылыми дәлелденген, негізделген», - деп түсіндірді спикер.  
 

Қала құрылысы кадастры 65%-ға қалыптастырылды және цифрландырылды, қалғаны - премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 2024 жылға дейін аяқталуы тиіс. Бірақ ИИДМ оптимистік танытып, бұл одан ерте жүзеге асырылады деп жоспарлап отыр.